«НАМАЗ БАСТАСАМ БА ДЕП ЖҮРМІН...» Адам баласы бір рет дәмін сезсе, одан қайтіп айырылғысы келмейтін бір рахат сәт бар. Ол – сәждедегі бақыт. Иә, көпшілік қауым намаз оқығысы келмегендіктен емес, күдік-күмәнінің тым көптігінен батыл шешім қабылдай алмай жатады. Бір жағынан «Намаз бастасам ба деп жүрмін» деген ой пайда болғаннан-ақ: «Әй қаза етіп қойсаң қайтесің? Намазды өйтіп қорлағанша, оқымай-ақ қойғаның дұрыс, тастап кетсең күнәсі ауыр. Бей намаздан кей намаз жаман» деп жынның шайтандары азғырса, екінші жағынан «жанашыр» болып жүрген достар етегіңізден тартады. Айтыңызшы, біреу тек бестікпен оқитын бастауыштағы баласына: «Кейін жоғарғы сыныпқа барғанда бәрібір нашар оқисың ғой, «үштік», «екілік» аласың, сондықтан қазірден бастап оқымай-ақ қой» деп айта ала ма?! Жоқ! Болашақты ешкім білмейді. «Намазды тастамаймын» деп ынтамен оқыған адам ешуақытта тастамайды, тастап кете алмайды. Мұндай адамның мысалы – шешініп алып, суға түсуге жүрексініп, бата алмай тұрған адам секілді. Өзін жеңіп, күмп етіп ішіне түссе, біраздан соң бой үйреткені соншалықты, сыртқа шыққысы келмей қалар еді. Жан дүниесі сергіп, рахатқа бөленер еді. Күмәніңіз болмасын, намаз мұндай сезімді жүз есе артығымен сыйлайды! Сізге айтар өсиетіміз мынау: «Соқырға бал ұсынсаң итереді Дәмін татып көрген жоқ қайтер енді. Келген балдан бір қасық жеген болса, Төрт аяқтап өзі іздеп кетер еді...» #асыларна #asylarna #ораза2016 #рамазан #намаз

Теги других блогов: намаз асыларна asylarna ораза2016 рамазан